АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 06 Ақпан 2020 03:10

Business Hub "ENTERPISE PLUS HMCDC"

2019 жылдың 18-26 қараша аралығында London, Westminster Kingsway College-нде 7 күндік кәсіпкерлерді оқыту бағдарламасы өтті, оған АҚЖКК-нің директоры Тюлебаев Аскербек Жамантаевич қатысты.

Бұл бағдарлама Capital City College Group London және Қазақстанның "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқаратын Creative Spark British Council жобасы аясында кәсіпкерлік саласындағы білімді дамыту үшін әрекет етеді.

London London2

Оқу барысында Қазақстан колледждерінде Business Hub ұйымдастыру міндеті қойылды.

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің қабырғасында студенттер арасында бизнес идеялармен алмасу және пайда табу мақсатында оларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылау үшін Business Hub "ENTERPISE PLUS HMCDC" құрылды. Сонымен қатар логотип әзірленді.

2020 жылдың 4 ақпанында Business Hub ұйымдастыру бойынша қойылған міндеттерді мониторингілеу мақсатында колледжге Wendy Breakell бизнес-шебері келді.

Кездесуге колледж директоры Тюлебаев А. Ж., "ENTERPISE PLUS HMCDC" басшысы Альжанов Р. О., Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

АҚЖКК-нің студенттері коммерцияландыруға дайын жобаны ұсынды.

Wendy Breakell Business Hub тамаша ұйымын атап өтіп, студенттерді мақтап, АҚЖКК-нің директорына оқудан өткені туралы сертификат табыстады.