АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ

Азаматтық қорғаныс кафедрасы

Азаматтық қорғаныс кафедрасының меңгерушісі - полковник Кадыров Рамазан Татжанович

Еңбек нарығы бүгінгі таңда заманауи техника мен технологияларды қолдану жағдайында жайлы өмір қалыптастыруға дайын болуы қажет, адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында жоғары білікті мамандарды даярлауды талап етеді.

Осы салада табысты кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін техникалық құралдарды тиімді пайдалану дағдыларын меңгеру, бақылау және болжау әдістерін білу, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті ортада жұмыс істеу және техносфера объектісінің өмірлік циклінің әр түрлі кезеңдерінде стратегиялық тиімділікті қамтамасыз ету үшін кәсіби міндеттерді шеше білу қажет.

Оқу-әдістемелік база интерактивті оқытуды пайдалана отырып, заманауи ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануды қамтамасыз етеді (жаттығу кешені: «ҚР ТЖМ ТЖК қадағалау қызметін ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету», білімді орталықтандырылған бақылау бойынша тестілеу бағдарламалары, өрт жағдайында халықтың мінез-құлқын оқыту кешені).  

Кафедраның оқытушылары түрлі іс-шаралар өткізеді: оқу-жаттығу кешенінде практикалық сабақтар, көрсетілімдер, колледж студенттерін М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанттарымен кездесулер ұйымдастырады, сондай-ақ ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысады.

Азаматтық қорғаныс кафедрасы пәндер бойынша оқу бағдарламаларын енгізумен айналысады, сондай-ақ оқытушылар түлектердің кәсіби дайындық деңгейін бағалау және біліктілік тағайындау үшін тест тапсырмаларын әзірлейді.

Жаңа МЖМБС енгізу барысында жыл сайын оқу бағдарламалары мен тақырыптық жоспарлар жаңартылып, барлық пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешендер толықтырылып отырады, кірме қадағалау, бақылау жұмыстары, семестрлік сынақтар, емтихандар және қорытынды мемлекеттік аттестация бағдарламаларына арналған бақылау-өлшеу материалдары әзірленеді, курстық жұмыстардың тақырыптары анықталады.

Қазіргі уақытта барлық пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешендер икемділік, баламалық және кәсіби-практикалық бағыттылық принциптеріне сай әзірленген.

Кафедраның оқытушылар құрамы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары мен түлектері арасында «Құтқару жұмыстары» құзыреті бойынша Ақмола облысының WorldSkills Kazakhstan аймақтық чемпионатының Ережесін әзірледі.  

Кафедраның әдістемелік мәселесі:

Құзыреттілік негізде болашақ мамандардың жеке өзін-өзі анықтау және кәсібилігін қалыптастыру жөніндегі қызметті жетілдіру.

Азаматтық қорғаныс кафедрасының құрамы: 

Кафедра құрамында - 32 оқытушы: Доктор РG,  магистрлер, педагог-сарапшылар, педагог-модераторлар; 6 - Практикалық оқыту шеберлері.

Кескіндер галлереясы

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp