АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ

Материалдық-техникалық базасы

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі білім алушылардың оқу-тәрбие процесінің талаптарына сәйкес оқуын, тұруы және бос уақытын пайдалану үшін қажетті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етеді.

Колледждің меншігінде Көкшетау қаласында орналасқан 5 жылжымайтын мүлік нысаны бар: 2 оқу ғимараты, 2 оқу-спорттық кешені, жатақхана. Колледж аумағында тәжірибелік дағдыларды жетілдіру  үшін өрт сөндіру және апаттық-құтқару бөлімі бойынша заманауи техникамен жабдықталған жеке оқу ғимараты салынды. Өрт сөндірушілер, құтқарушылармен газ-түтіннен қорғаушыларды дайындау барысында  оқу сабақтарын өткізу үшін модульдік үлгідегі  спорттық-жаттығу кешені орнатылды.