АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ

«Жас Отан» жастар қанаты

 «Жас Отан» жастар қанаты Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың ойын жалғастырушы жас саясат.

Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінде 2015 жылдың 1-қазанынан бастан «Нұр Отан» партиясының жанында «Жас Отан» ЖҚ бастапқы бөлімі ашылды.

Қазіргі уақытта «Жас Отан» ЖҚ құрамында 60 белсенділер мен еріктілер бар.

Бастапқы бөлімшенің негізгі қызметі қала ардагерлеріне көмек, жетім балалар үйлеріне, тұрмыстары төмен отбасыларына көмек көрсету мен әр түрлі форматтағы қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі іс-шараларға қатысу.

Міндеттері:

  • мәдениетаралық және ұлтаралық келісімді қалыптастыру;
  • жастардың зияткерлік әлеуетін дамыту;
  • жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
  • жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау;
  • жастарды мәдени, ғылыми, экономикалық, спорттық және білім беру іс-шараларына тарту және ұйымдастыру;
  • жастардың қарым-қатынасы мен тәжірибе алмасуы үшін жағдай жасау, өзара қолдауды дамытуға бағытталған іс-шараларды өткізу.

Колледж белсенділері түрлі форумдар мен акцияларға қатысып, адамдарға көмектесіп отырады.

Сондай-ақ "Жас Отан" ЖҚ мамандары балалардың өзін-өзі дамыту және көшбасшылық қасиеттерін дамыту үшін оқу тренингтерін өткізіп отырады, оған барлығы белсенді қатысып, ат салысады.

«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ қатарына қосылған белсенділер табысты мансапқа жету жолдарында алғашқы қадамдарын жасауда!