Көкшетау қаласының «Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі» мекемесінің базасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі №171 бұйрығымен ТжКОБ республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің құрылымына кіретін «Өрт қауіпсіздігі» және «Төтенше жағдайларда қорғау» мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің (ТжКОБ) оқу-әдістемелік бірлестігі (ОӘБ) құрылды.Көкшетау қаласының «Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі» мекемесінің базасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі №171 бұйрығымен ТжКОБ республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің құрылымына кіретін «Өрт қауіпсіздігі» және «Төтенше жағдайларда қорғау (салалар бойынша)» мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің (ТжКОБ) оқу-әдістемелік бірлестігі (ОӘБ) құрылды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 17 ақпандағы №62 бұйрығымен ОӘБ құрамына «Еңбекті қорғау және технологиялық процестердің қауіпсіздігі» мамандығы қосылды.
Оқу-әдістемелік бірлестіктің төрағасы АҚЖКК директоры Тураров Сериккан Женисович болып табылады.
ОӘБ қызметін әдістемелік қамтамасыз ету тобына Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) құрамына кіретін елдердің жетекші бейінді жоғары оқу орындарында біліктілігін арттырудан өткен Қазақстан Республикасы ТЖМ органдары мен бөлімшелерінде жұмыс тәжірибесі, көп жылдық педагогикалық қызмет өтілі бар оқытушылар кіреді.
ОӘБ әдістемелік қамтамасыз ету тобы
|
Выховский Евгений Геннадьевич - ОӘБ бойынша директордың орынбасары, АҚ подполковнигі |
|
|
Тимеев Евгений Александрович - әдіскер, АҚ полковнигі |
ОӘБ қызметінің негізгі мақсаты ТжКОБ ұйымдарында білім беру, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты дамыту және үйлестіру, оқу процесінің мазмұнын жаңарту, оқу әдебиеттері мен оқу құралдарын, ОӘК әзірлеу және рецензиялау болып табылады.
Оқу-әдістемелік бірлестіктің келесі өкілеттіктері бар:
- нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу
- білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу
- ТжКОБ ұйымдарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыруды ғылыми-әдістемелік және оқу-әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету
- озық тәжірибені жинақтау және тарату
- ОӘБ мамандықтары бойынша білім беру қызметін жүзеге асыратын ТжКОБ ұйымдарына консультациялық көмек көрсету
- жұмыс берушілердің қатысуымен жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын өзектендіру, оқыту нәтижелері мен базалық және кәсіптік модульдердің критерийлерін әзірлеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу
- білім беру мазмұнының сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік жөніндегі комиссиялармен, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру процесінің мазмұны мен әдістемелік сүйемелдеу мәселелеріне қатысты оқу-әдістемелік материалдарға, авторлық бағдарламаларға және өзге де материалдарға рецензиялау жүргізу
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары мен біліктіліктерінің Классификаторын өзектендіру бойынша ұсыныстар әзірлеу
- сараптамадан өткен оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді және оқу-әдістемелік құралдарды олардың авторларын (бірлескен авторларын) көрсете отырып, тізбеге енгізу үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға ұсыну мақсатында РОӘК-ке ұсынылатын әдебиеттер тізімін енгізу
- Сұраныстар бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан, сондай-ақ кәсіпорындар (ұйымдар) мамандарынан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мазмұны, сараптамасы және әдістемелік сүйемелденуі мәселелері бойынша секциялар, жұмыс және сараптамалық топтарды қалыптастыру үшін кандидатураларды іріктеу және ұсыну
- Қарастырылатын мәселелер бойынша комиссиялар мен жұмыс топтарын құру
- Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп бағалау материалдарын әзірлеуге қатысу
- Оқу-әдістемелік бірлестік мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері мен студенттеріне арналған іс-шараларды өткізу
- Педагогтердің біліктілігін арттыру және кәсіби қайта даярлау білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысу
- ОӘБ мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан ОӘБ жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін ақпараттық және өзге де материалдарды сұрату
ОӘБ өз жұмысын «Өрт қауіпсіздігі», «Төтенше жағдайларда қорғау (салалар бойынша)», «Еңбекті қорғау және технологиялық үдерістердің қауіпсіздігі» мамандықтары бойынша даярлаумен айналысатын бейінді колледждердің барлық өкілдерінің тең құқықтылығы, басшылықтың алқалылығы, қабылданатын шешімдерінің жариялылығы қағидаттарына негіздейді.

«Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі» Мекемесі жанындағы ОӘБ есебінде 10320200 - Төтенше жағдайларда қорғау (салалар бойынша), 10320100 - Өрт қауіпсіздігі және 10220100 - Еңбекті қорғау және технологиялық үдерістердің қауіпсіздігі мамандықтары бойынша оқытуды жүзеге асыратын барлығы 44 білім беру ұйымы бар.
«Оқу-әдістемелік және нормативті-құқықтық құжаттар»
https://cloud.mail.ru/public/Hood/nu473hq84



