АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ

Жұмысқа орналастыру

Колледж қызметінің маңызды кезеңі  түлектердің  жұмысқа орналасуына жәрдемдесу болып табылады.  Негізгі қызмет бағыты жүйесін құру және дамыту ол   студенттер мен колледж түлектерінің жұмысқа орналасуларына  және олардың еңбек нарығына  бейімделуіне жәрдемдесу.

С 2008 - 2016  жыл аралықтарында колледж бес мыңнан артық  оның ішінде  80% мамандықтары бойынша жұмыс істейтін түлектерді шығарды.
Түлектерді жұмысқа орналастыру жұмыстары келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) ақпараттық қамтамасыз ету : еңбек нарығының мониторингісі, осы саладағы мамандардың қажеттілігін зерттеу; білім алушыларды таныстыру, түлектерді  еңбек нарығымен, жұмысқа орналастыруда нақты мәселелерді шешуге жәрдемдесу; студенттерге бос жұмыс орындары туралы хабардар ету, жұмыс берушілермен кездесуге психологиялық дайындық;
2) жергілікті өзін өзі басқару органдарымен әлеуметтік әріптестік, жұмыспен қамту қызметі, білім мекемелерімен, бағыттар бойыншажұмыс берушілермен : жұмыс берушілердің  өз мекемелерінде жұмыс барысында  көргісі келетін мамандардың қалаулы қасиеттері туралы сауалнамасы; мамандарды даярлау сапасын арттыру үшін кәсіпорындардың әлеуетін пайдалану;  жұмыс берушілермен кездесулер; бос орындар жәрмеңкелеріне қатысу; қалалық халықты жұмыспен қамту орталығымен  тұрақты өзара іс-қимыл (бос орындарға сұраныс,кездесулер т.б);
3) білім алушылар мен түлектердің жұмысқа орналасуларына жәрдемдесу: түлектердің (дерек қорын) тізілімін қалыптастыру; колледжбен қызметтес кәсіпорындар мен ұйымдардың қалыптастыру тізілімі, семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру, Түлектердің жұмысқа орналастыру мәселелері және еңбек нарығы бойынша консультациялар беру; жұмысқа орналасу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру (бос орындар жәрмеңкесін, жұмыс берушілермен және жұмыспен қамту қызметінің өкілдерімен «дөңгелек үстел» , мамандықтар презентациясы).