АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 19 Наурыз 2019 11:39

Наурыз - бірлік пен берекенің, шаттықтың, қуаныштың мейрамы

Көктем келіп көк пен жер жаңарып, жер жаhанның жайқалып, күн мен түннің теңелер шағы - Наурыз мерекесі келгенде қазақ халқы күнделікті қарбалыс тіршілігінен бір сәт бас көтеріп, тағы да бір жылды басынан аман-есен артқа есіркегендеріне шікүршілік айтады. Күллі Шығыс әлемі үшін «Жаңа жыл» болып саналатын Наурыз- бірлік пен берекенің, шаттықтың, қуаныштың мейрамы.

Осыған мейрамға байлансыты Наурыз айының 18-ші жұлдызы Азаматтық қорганыс жоғары көпсалалы колледжінің №1 жатақхана тәрбиешілері мен студенттер кеңесінің ұйымдастыруымен «Наурыз» мерекесі тойланды. Мерекелік іс-шарада жатақхананың күміс-көмей әншілері ән шырқап, өнерлі ұл-қыздары қазақтың ұлттық «Қара жорға» биін билеп, «Аударыспақ», «Арқан тартыс», «Қол күресі» спорттық ойындары ойнатылды. Жүргізушілер көрермендерге аталмыш мерекеге сай сұрақтар қойып, көптеген сұрақтарға нақты жауаптар алды. Жатақхана тәрбиешілері Анелия Феликсовна және Бауыржан Габдуллович «Наурыз» мерекесінің шығу тарихын шертіп, білім алушыларға ақ баталарын берді. Аталмыш іс-шарадан кейін ортаға өнерін салған өреңдер мен жиналған қауым үшін ақ дастархан жайылды.

Кеш қонақтары мен қатысушылар мерекелік көңіл-күймен тарқасты.

№1 жатақхана тәрбиешісі: Гүлмира Дулатқызы