Мамандық туралы: Колледж өрттердің алдын алуды және оларды сөндіруді, авариялық-құтқару техникасын, жабдықтары мен жарақтарды қолдана отырып, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және орындауға қабілетті білікті мамандарды дайындайды.
Біліктілігі: Өрт қауіпсіздігінің қолданбалы бакалавры.
«Мамандықтың кәсіби модульдері»:
- Өрттерді сөндіру, адамдарды және материалдық құндылықтарды құтқару, эвакуациялау бойынша жұмыстар жүргізу;
- Өрт-құтқару дайындығы бойынша нормативтерді орындау;
-
Өрт-техникалық қару-жарақ пен құтқару жабдықтарын жарамды күйде ұстау
Өрт сөндіру депосы ғимаратында қызметтік тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі ішкі наряд құрамындағы тұлғалардың міндеттерін орындау
- Экономика объектілерінде бақылау және алдын алу қызметін ұйымдастыру;
- Өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері қызметкерлерінің қызметін, тактикалық және психологиялық дайындығын ұйымдастыру;
- Өрт және авариялық-құтқару техникасын пайдалануды ұйымдастыру;
- Өртте күштер мен құралдарды, сөндіру және басқарудың тактикалық тәсілдерін қолдану, күштер мен құралдарды есептеу әдістемесін меңгеру;
Объектіде азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру.
Қызмет саласы:
Мемлекеттік және кәсіби өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері.
Атқаратын лауазымдар: қалалық, аудандық аумақтық органның (Төтенше жағдайлар басқармасы (бөлімі)) инженері, өртке қарсы бөлімшелердің (жасақтар, мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдері, өрт сөндіру бөлімдері, өрт сөндіру бекеттері) инженер-инспекторы, сондай-ақ кәсіби өртке қарсы қызметтердегі өрт сөндірушіден бастап өрт сөндіру бекетінің бастығына дейінгі лауазымдар.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 550 «Азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 «Кәсіби өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес
Оқыту нысаны: Күндізгі
Оқыту тілдері: қазақша, орысша


