АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ

«Өрт қауіпсіздігі»

Мамандық туралы: Колледж өрттердің алдын алуды және оларды сөндіруді, авариялық-құтқару техникасын, жабдықтары мен жарақтарды қолдана отырып, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және орындауға қабілетті білікті мамандарды дайындайды.

Біліктілігі: Өрт қауіпсіздігінің қолданбалы бакалавры.

«Мамандықтың кәсіби модульдері»:

  • Өрттерді сөндіру, адамдарды және материалдық құндылықтарды құтқару, эвакуациялау бойынша жұмыстар жүргізу;
  • Өрт-құтқару дайындығы бойынша нормативтерді орындау;
  • Өрт-техникалық қару-жарақ пен құтқару жабдықтарын жарамды күйде ұстау

    Өрт сөндіру депосы ғимаратында қызметтік тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі ішкі наряд құрамындағы тұлғалардың міндеттерін орындау

  • Экономика объектілерінде бақылау және алдын алу қызметін ұйымдастыру;
  • Өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері қызметкерлерінің қызметін, тактикалық және психологиялық дайындығын ұйымдастыру;
  • Өрт және авариялық-құтқару техникасын пайдалануды ұйымдастыру;
  • Өртте күштер мен құралдарды, сөндіру және басқарудың тактикалық тәсілдерін қолдану, күштер мен құралдарды есептеу әдістемесін меңгеру;

Объектіде азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру.

Қызмет саласы:

Мемлекеттік және кәсіби өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері.

Атқаратын лауазымдар: қалалық, аудандық аумақтық органның (Төтенше жағдайлар басқармасы (бөлімі)) инженері, өртке қарсы бөлімшелердің (жасақтар, мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдері, өрт сөндіру бөлімдері, өрт сөндіру бекеттері) инженер-инспекторы, сондай-ақ кәсіби өртке қарсы қызметтердегі өрт сөндірушіден бастап өрт сөндіру бекетінің бастығына дейінгі лауазымдар.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 550 «Азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 «Кәсіби өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес

Оқыту нысаны: Күндізгі

Оқыту тілдері: қазақша, орысша