АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ

01140600 Негізгі орта білім берудегі тіл және әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі.

            Біліктілік коды және атауы: 4S01140605 Шетел тілі мұғалімі.

            Мамандық туралы:

            Ағылшын тілін оқыту саласында жалпы тіл білімі, ағылшын тілінің теориясы мен тарихы, ағылшынтілдес елдердің әдебиеті, коммуникация теориясы, сондай-ақ ағылшын тілін оқыту әдістемесі бойынша білімді меңгерген жаңа формациядағы құзыретті педагог даярлау. Мұндай педагог заманауи білім беру технологияларын, оқыту тәсілдері мен құралдарын пайдалана отырып, жалпы білім беретін мекемелерде ағылшын тілі мен әдебиетін оқыту саласындағы ғылыми-педагогикалық міндеттер мен кәсіби қызмет мәселелерін шығармашылық тұрғыда шеше алуы тиіс.

            Ағылшын тілі мұғалімінің арнайы пәндері:

  • Ағылшын тілін оқытудың теориясы мен тәжірибесі – оқыту әдістемесінің негіздері, коммуникативтік және когнитивтік тәсілдер.
  • Ағылшын тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы – сөздердің құрылымын, мағынасын, тұрақты тіркестер мен идиомаларды зерттеу.
  • Ағылшын тілінің фонетикасы мен айтылымы – тілдің дыбыстық жүйесін, айтылу ерекшеліктерін, интонация мен екпінді меңгеру.
  • Ағылшынтілдес елдердің мәдениеттануы мен әдебиеті – ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің әдеби дәстүрлері, тарихы мен мәдениетімен танысу.
  • Шетел тілдерін оқытудағы заманауи білім беру технологиялары – оқу үдерісінде цифрлық технологияларды, онлайн-ресурстарды және инновациялық әдістерді қолдану.
  • Ағылшын тілін оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері – шетел тілін қабылдау және үйрену психологиясы, білім алушылардың жас ерекшеліктері.

            Қызмет саласы: Білім беру.

            Оқу түрі: күндізгі.

            Оқыту тілдері: қазақ/орыс.