Мамандық туралы: Колледж өрттердің алдын алуды және оларды сөндіруді, авариялық-құтқару техникасын, жабдықтары мен жарақтарды қолдана отырып, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және орындауға қабілетті білікті мамандарды дайындайды.
Біліктілігі: өрт қауіпсіздігі технигі
«Мамандықтың кәсіби модульдері»:
-
- Өрттерді сөндіру, адамдарды және материалдық құндылықтарды құтқару, эвакуациялау бойынша жұмыстар жүргізу;
- Өрт-құтқару дайындығы бойынша нормативтерді пысықтау;
- Өрт-техникалық қару-жарақ пен құтқару жабдықтарын жарамды күйде ұстау;
- Өрт сөндіру депосы ғимаратында қызметтік режимді сақтау бойынша ішкі наряд адамдарының міндеттерін орындау;
- Объектінің өрт қауіпсіздігі жағдайын тексеру;
- Өрттерді сөндіру, адамдар мен материалдық құндылықтарды құтқару және эвакуациялау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
- Өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша нұсқамалар өткізу;
- Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде қызмет ұйымдастыру және даярлау;
- Өрт сөндіру техникасы мен құтқару жабдықтарын жарамды күйде ұстауды бақылау;
Өрт сөндіру депосы ғимаратында қызметтік режимді сақтау бойынша ішкі наряд адамдарының қызмет өткеруін бақылау және нұсқама өткізу.
Қызмет саласы:
Мемлекеттік және мемлекеттік емес өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері.
Атқаратын қызметтері: қалалық, аудандық аумақтық органның (ТЖ басқармасының (бөлімінің), Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің) инженері
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 128 «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің орталық аппараты мен ведомстволарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары» бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптары» бұйрығына сәйкес
Оқу түрі: Күндізгі
Оқыту тілдері: казақша, орысша