АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ

0103000 – «Дене тәрбиесі және спорт»

0103000 – «Дене тәрбиесі және спорт»

Мамандық туралы: Дене тәрбиесі мен білім беруді ұйымдастыру үшін жоғары білікті мамандарды даярлау бойынша оқу бағдарламасы.

Біліктілігі: дене тәрбиесі және спорт оқытушысы

Арнайы пәндері:

  • Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі;
  • Қозғалмалы ойындар оқыту әдістемесімен;
  • Жүзу оқыту әдістемесімен;
  • Шаңғы спорты оқыту әдістемесімен;
  • Гимнастика оқыту әдістемесімен;
  • Жеңіл атлетика оқыту әдістемесімен;
  • Коньки тебу спорты оқыту әдістемесімен;
  • Спорттық ойындар оқыту әдістемесімен;

Қызмет саласы: білім беру ұйымдары

Оқыту нысаны:

Күндізгі

Негізгі орта білім беру негізінде 3 жыл 10 ай (9 сынып)

Жалпы орта білім беру негізінде 2 жыл 10 ай (11 сынып) 

Оқыту тілдері: қазақша, орысша

Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін қабылдау емтихандары:

1.            Негізгі орта білім беру ( негізгі жалпы) -негізгі орта білімі бар оқуға түсушілер негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән (шығармашылық емтихан)).

2.            Жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән (шығармашылық емтихан)) өткізіледі.

Арнайы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны:

Негізгі орта білім беру негізінде 3 жыл 10 ай (9 сынып) - кәсіби жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу, соның ішінде педагогикалық жағдаятты шешу. Мамандық бойынша нормативтерді тапсыру.

Жалпы орта білім беру негізінде 2 жыл 10 ай (11 сынып) - кәсіби жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу, соның ішінде педагогикалық жағдаятты шешу. Мамандық бойынша нормативтерді тапсыру.