Мамандық жайында: Колледж халықты табиғи және техногендік сипаттағы азаматтық қорғанысты қамтамасыз етумен, объектілер мен аумақтарда шаруашылықты жүргізу үшін төтенше жағдайларды жою және алдын алу саласындағы мамандарды дайындаумен айналысады.
Біліктілігі: техник іздестіру – қираған ғимараттар мен құрылыстарды құтқару және апаттық- қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу.
«Мамандандырудың кәсіптік модульдері»
- Азаматтық қорғаныс, еңбекті қорғау және санитариялық нормалар саласындағы техникалық құжаттаманы, нормативтік құқықтық актілерді қолдану
- Авариялық-құтқару жұмыстарын орындауға арналған машиналарды, инженерлік-техникалық жабдықтарды және жеке жарақтарды тексеру және дайындау
- Авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды орындау
- Авариялық-құтқару қызметінің қызметін талдау, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру
- Авариялық-құтқару қызметінің қызметін ұйымдастыру
- Авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру
Қызмет саласы:
Мемлекеттік және кәсіби өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері.
Атқаратын лауазымдар: қалалық, аудандық аумақтық органның (Төтенше жағдайлар басқармасы (бөлімі)) инженері, өртке қарсы бөлімшелердің (жасақтар, мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдері, өрт сөндіру бөлімдері, өрт сөндіру бекеттері) инженер-инспекторы, сондай-ақ кәсіби өртке қарсы қызметтердегі өрт сөндірушіден бастап өрт сөндіру бекетінің бастығына дейінгі лауазымдар.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 550 «Азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 «Кәсіби өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес
Оқу түрі: Күндізгі
Оқыту тілдері: казақша, орысша


