Мамандық туралы: Информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесін меңгерген, жалпы ақпарат теориясының негіздерін, оны өлшеу әдістерін, математикалық ақпараттық модельдерді, математикалық логиканы, ұғымын меңгерген, жаңа формациядағы құзыретті информатика мұғалімін дайындау. жасанды интеллекттің ақпараттық жүйелерін, ақпараттық жүйелер мен технологияларды дамыту теориясының элементтерін, білім беру ұйымдарындағы ғылыми-педагогикалық, өндірістік-технологиялық мәселелерді және кәсіби қызмет мәселелерін шығармашылықпен шеше алатын студенттердің ақпараттық мәдениетін тәрбиелеу.
Біліктілігі: бастауыш және негізгі орта білім берудің информатика мұғалімі
Арнайы пәндер:
Информатиканың теориялық негіздері
Информатиканы оқыту әдістемесі
Компьютердің архитектурасы, графикасы
Бағдарламалау
Мәліметтер қорын басқару жүйелері
Есептеу жүйелері, желілер, коммуникациялар
Математикалық талдау, логика
Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Қызмет саласы: Білім
Оқу формасы: күндізгі
Оқыту тілдері: қазақ, орыс