АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ

«Еңбекті қорғау және технологиялық үдерістердің қауіпсіздігі»

Мамандық туралы:

«АҚЖКК» Мекемесінің бастамасы бойынша, ҚР ТЖМ, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің Сыныптауышына ҚР БҒМ бұйрығымен «Еңбекті қорғау және технологиялық үдерістердің қауіпсіздігі» мамандығын енгізу бойынша толықтырулар енгізіліп, «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау технигі» біліктілігі берілді. Бұрын Қазақстан Республикасында ТжКОБ базасында осы бағыт бойынша мамандар даярлау жүзеге асырылмаған.

Мамандық өндірістің қауіпсіздігі бойынша іс-шаралар кешенін орындауды ұйымдастыруға, барлық қызмет салалары мен өнеркәсіп салаларында еңбекті қорғауды басқару жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қабілетті еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білікті мамандарды даярлауға арналған.

Еңбекті қорғау және технологиялық үдерістердің қауіпсіздігі өндірістік процестерді үздіксіз және қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз етуге, қызметкерлерді еңбек қызметінің теріс факторларынан қорғауға бағытталған іс-шаралар кешенін орындауды көздейді. Бұл тапсырманы осы салада кең білімі мен дағдылары бар мамандар ғана орындай алады (технологиялық үдерістердің ерекшеліктері, машиналар мен механизмдердің жұмыс принциптерін білу, кәсіпорынның экономикалық аспектілері, халықты әлеуметтік қорғаудың құқықтық аспектілері және т.б.). Осы білім көлемін игеру мамандық бойынша жұмыс оқу бағдарламаларымен көзделеді.

Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нормалар Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтары, еңбек заңнамасы деңгейінде қойылған және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының өндірістік қызмет нәтижесінің алдындағы басымдығы болып табылады. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексінің 202 - бабының ережелеріне сәйкес жұмыскерлерінің саны елуден асатын өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін құрастырады. Қазақстан Республикасының аумағында 20000-ға жуық осындай кәсіпорындар мен ұйымдар бар, бұл осы мамандық бойынша түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелерін шешуге айтарлықтай әсер етеді.

Еңбекті қорғау қызметтері кез келген кәсіпорынның негізгі өндірістік қызметтерімен теңестіріледі.

Өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлерді қолайсыз факторлардан қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тек ізгілікті миссияны атқарады.

Біліктілік: еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі техник

Мамандықтың кәсіби модульдері:

  • Ұйымдағы еңбекті қорғауды басқару жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • Өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды өндірістік бақылауды ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
  • Кәсіпорындар, өндірістік үдерістер, жабдықтар, құралдар, технологиялық жабдықтар, ғимараттар, құрылыстар мен аумақтар қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • Үлгілік технологиялық үдерістердің өртке қарсы және жарылысқа қарсы қорғаныс әдістемесін меңгеру.

Қызмет саласы: әр түрлі қызмет салалары (білім беру, медицина объектілері, сауда және қоғамдық тамақтану объектілері, адамдар жаппай болатын объектілер) мен өнеркәсіп салалары (құрылыс, машина жасау, мұнай химиясы, пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өңдеу ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік және т. б.) ұйымдарының еңбек қауіпсіздігі мен өндірістік үдерістердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Оқыту ұзақтығы Негізгі орта білім базасында: 3 жыл 10 ай. (9сынып)

Оқу түріКүндізгі

Оқыту тілдері: казақша, орысша

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp