АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ

«Өрт қауіпсіздігінің қолданбалы бакалавры»

Мамандық туралы: Колледж өрттердің алдын алуды және оларды сөндіруді, авариялық-құтқару техникасын, жабдықтары мен жарақтарды қолдана отырып, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және орындауға қабілетті білікті мамандарды дайындайды.

Біліктілігі: Өрт қауіпсіздігінің қолданбалы бакалавры.

«Мамандықтың кәсіби модульдері»:

  • Өрттерді сөндіру, адамдарды және материалдық құндылықтарды құтқару, эвакуациялау бойынша жұмыстар жүргізу;
  • Өрт-құтқару дайындығы бойынша нормативтерді орындау;
  • Өрт, авариялық-құтқару жабдықтары мен жарақтарын жарамды күйде ұстау;
  • Қарауылдың лауазымды тұлғаларының міндеттерін орындау, күзетілетін объектілерде өртке қарсы режимді сақтау;
  • Экономика объектілерінде бақылау және алдын алу қызметін ұйымдастыру;
  • Өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері қызметкерлерінің қызметін, тактикалық және психологиялық дайындығын ұйымдастыру;
  • Өрт және авариялық-құтқару техникасын пайдалануды ұйымдастыру;
  • Өртте күштер мен құралдарды, сөндіру және басқарудың тактикалық тәсілдерін қолдану, күштер мен құралдарды есептеу әдістемесін меңгеру;

Объектіде азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру.

Қызмет саласы:

Мемлекеттік және мемлекеттік емес өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері.

Атқаратын қызметтері: қалалық, аудандық аумақтық органның (ТЖ басқармасының (бөлімінің), Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің) инженері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 128 «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің орталық аппараты мен ведомстволарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары» бұйрығына сәйкес

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптары» бұйрығына сәйкес

Оқыту нысаны: Күндізгі

Оқыту тілдері: қазақша, орысша