АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ

0103054 – «Дене тәрбиесі қолданбалы бакалавры»

0103054 – «Дене тәрбиесі қолданбалы бакалавры»

Мамандық туралы: кәсіби практикалық-бағдарлы дайындықты қамтамасыз ететін және білім беру мекемелері мен жұмыс берушілер арасында байланыс орнатуға бағытталған жаңа білім беру бағдарламасы.  

Біліктілігі: дене тәрбиесі қолданбалы бакалавры.

Арнайы пәндері:

  • Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі;
  • Анатомия спорттық мифология негіздерімен;
  • Дене тәрбиесі және спорт тарихы мен олимпиадалық білім;
  • Емдік дене тәрбиесі және массаж;
  • Спорттық медицина;
  • Спорттық ойындар оқыту әдістемесімен;
  • Жеңіл атлетика оқыту әдістемесімен;
  • Қозғалмалы ойындар оқыту әдістемесімен;
  • Коньки тебу спорты оқыту әдістемесімен;
  • Шаңғы спорты оқыту әдістемесімен;
  • Дене тәрбиесі менеджменті;
  • Таңдаулы түрде спорттық шеберлікті арттыру;
  • Таңдаған спорт түріндегі жаттықтырушының кәсіби дайындық негіздері;
  • Таңдаған спорт түріндегі жалпы және арнайы дене дайындығы.

Қызмет саласы: 

-  мемлекеттік, қоғамдық, жекеменшік білім беру мекемелері, мектепке дейінгі, мектеп, орта кәсіптік оқу мекемелері, балалар спорт мектептері мен клубтары;

- фирмалар, мемлекеттік мекемелер, дене тәрбиесі және спорттық қызметті басқару органдары;

- физикалық, психологиялық денсаулық мәселелерін дамытатын дене тәрбиесі, спорт және медициналық-биологиялық бейіндегі ғылыми-зерттеу мекемелері.

Оқыту нысаны:

Күндізгі оқыту нысаны

Жалпы орта білім беру негізінде 2 жыл 10 ай (11 сынып)

Мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік білім беру негізінде 1 жыл 10 ай ((бейін бойынша емес ТжҚБ))

Мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік білім беру негізінде 10 ай ((бейін бойынша ТжҚБ))

Оқыту тілдері: қазақша, орысша

Оқуға түсушілер үшін қабылдау емтихандары:

  • жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән (шығармашылық емтихан)) өткізіледі;
  • мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар оқуға түсушілер үшін мамандықтың бейінді пәні (шығармашылық емтихан) бойынша өткізіледі;
  • мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.

Арнайы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны:

Жалпы орта білім беру негізінде 2 жыл 10 ай (11 сынып) - кәсіби жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу, соның ішінде педагогикалық жағдаятты шешу. Мамандық бойынша нормативтерді тапсыру.

Мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік білім беру негізінде 1 жыл 10 ай - кәсіби жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу, соның ішінде педагогикалық жағдаятты шешу. Мамандық бойынша нормативтерді тапсыру.

Мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік білім беру негізінде 10 ай  - кәсіби жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу, соның ішінде педагогикалық жағдаятты шешу.

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp