0101044 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу қолданбалы бакалавры»
Мамандық туралы: кәсіби практикалық-бағдарлы дайындықты қамтамасыз ететін және білім беру мекемелері мен жұмыс берушілер арасында байланыс орнатуға бағытталған жаңа білім беру бағдарламасы.
Біліктілігі: мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу қолданбалы бакалавры
Арнайы пәндері:
- Мектепке дейінгі педагогика;
- Мектепке дейінгі психология;
- Музыкалық тәрбиенің теориясы мен әдістемесі;
- Мектепке дейінгі балаларда шет тілін оқыту әдістемесі;
- Педиатрия негіздері;
- Мәнерлеп оқу;
- Мектепке дейінгі жастағы балалардың тіл дамыту технологиялары;
- Балаларды табиғатпен таныстыру әдістемесі;
- Сөйлеуді дамыту әдістемесі;
- Тәрбие жұмысының әдістемесі;
- Дефектология және логопедия негіздері
Қызмет саласы:
- мектепке дейінгі білім беру мекемесінде мектеп жасына дейінгі тұлғаны тәрбиелеу, оқыту, дамыту және қалыптастыру бойынша тәрбиеші
Оқыту нысаны:
Күндізгі оқыту нысаны
Жалпы орта білім беру негізінде 2 жыл 10 ай (11 сынып)
Мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік білім беру негізінде 1 жыл 10 ай ((бейін бойынша емес ТжҚБ))
Мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік білім беру негізінде 10 ай ((бейін бойынша ТжҚБ))
Оқыту тілдері: қазақша, орысша
Оқуға түсушілер үшін қабылдау емтихандары:
- жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән (биология)) өткізіледі.
- мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар оқуға түсушілер үшін мамандықтың бейінді пәні (биолоия) бойынша өткізіледі.
- мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі;.
Арнайы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны:
Жалпы орта білім беру негізінде 2 жыл 10 ай (11 сынып) - кәсіби жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу, соның ішінде педагогикалық жағдаятты шешу.
Мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік білім беру негізінде 1 жыл 10 ай - кәсіби жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу, соның ішінде педагогикалық жағдаятты шешу.
Мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік білім беру негізінде 10 ай - кәсіби жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу, соның ішінде педагогикалық жағдаятты шешу.