АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ

«Өрт қауіпсіздігі» (өрт қауіпсіздігі технигі)

Мамандық туралы: Колледж өрттердің алдын алуды және оларды сөндіруді, авариялық-құтқару техникасын, жабдықтары мен жарақтарды қолдана отырып, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және орындауға қабілетті білікті мамандарды дайындайды.

Біліктілігі өрт қауіпсіздігі технигі

«Мамандықтың кәсіби модульдері»:

    • Өрттерді сөндіру, адамдарды және материалдық құндылықтарды құтқару, эвакуациялау бойынша жұмыстар жүргізу;
    • Өрт-құтқару дайындығы бойынша нормативтерді пысықтау;
    • Өрт-техникалық қару-жарақ пен құтқару жабдықтарын жарамды күйде ұстау;
    • Өрт сөндіру депосы ғимаратында қызметтік режимді сақтау бойынша ішкі наряд адамдарының міндеттерін орындау;
    • Объектінің өрт қауіпсіздігі жағдайын тексеру;
    • Өрттерді сөндіру, адамдар мен материалдық құндылықтарды құтқару және эвакуациялау кезінде жұмыстарды ұйымдастыру және тактикалық тәсілдерді қолдану

      Өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша нұсқамалар өткізу және экологиялық әрі техносфералық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру

    • Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде қызмет ұйымдастыру және даярлау;
    • Өрт сөндіру техникасы мен құтқару жабдықтарын жарамды күйде ұстауды бақылау;

    Өрт сөндіру депосы ғимаратында қызметтік режимді сақтау бойынша ішкі наряд адамдарының қызмет өткеруін бақылау және нұсқама өткізу.

Қызмет саласы: 

Мемлекеттік және кәсіби өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері.

Атқаратын лауазымдар: қалалық, аудандық аумақтық органның (Төтенше жағдайлар басқармасы (бөлімі)) инженері, өртке қарсы бөлімшелердің (жасақтар, мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдері, өрт сөндіру бөлімдері, өрт сөндіру бекеттері) инженер-инспекторы, сондай-ақ кәсіби өртке қарсы қызметтердегі өрт сөндірушіден бастап өрт сөндіру бекетінің бастығына дейінгі лауазымдар.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 550 «Азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 «Кәсіби өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес

Оқу түрі: Күндізгі

Оқыту тілдері: казақша, орысша