АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ

0105104 – «Бастауыш білім беру қолданбалы бакалавры»

0105104 – «Бастауыш білім беру қолданбалы бакалавры»

Мамандық туралы: кәсіби практикалық-бағдарлы дайындықты қамтамасыз ететін және білім беру мекемелері мен жұмыс берушілер арасында байланыс орнатуға бағытталған жаңа білім беру бағдарламасы.

Біліктілігі: бастауыш білім беру қолданбалы бакалавры.

Арнайы пәндері:

  • Қазіргі қазақ (орыс) тілі;
  • Балалар әдебиеті және мәнерлеп оқу практикумы;
  • Көркем еңбек;
  • Музыкалық тәрбие;
  • Балаларды ерте дамыту әдістемесі;
  • Әр жастағы балаларды күту ерекшеліктері;
  • Балалардың зияткерлік дамуына арналған ойындар мен сабақтар;
  • Математиканың теориялық негіздері және бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі;
  • Бастауыш мектепте критериалды бағалау технологиясы;
  • Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқытудың теориясы мен әдістемесі;
  • Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі;
  • Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі;
  • Жаңа педагогикалық технологиялар

Қызмет саласы: 

- жалпы білім беретін мектептер, шағын жинақты мектептер.

Оқыту нысаны:

Күндізгі оқыту нысаны

Жалпы орта білім беру негізінде 2 жыл 10 ай (11 сынып)

Мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік білім беру негізінде 1 жыл 10 ай ((бейін бойынша емес ТжҚБ))

Мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік білім беру негізінде 10 ай ((бейін бойынша ТжҚБ))

Оқыту тілдері: қазақша, орысша

Оқуға түсушілер үшін қабылдау емтихандары:

  • жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән (математика)) өткізіледі;
  • мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар оқуға түсушілер үшін мамандықтың бейінді пәні (математика) бойынша өткізіледі;
  • мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.

Арнайы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны:

Жалпы орта білім беру негізінде 2 жыл 10 ай (11 сынып) - кәсіби жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу, соның ішінде педагогикалық жағдаятты шешу.

Мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік білім беру негізінде 1 жыл 10 ай - кәсіби жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу, соның ішінде педагогикалық жағдаятты шешу.

Мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік білім беру негізінде 10 ай  - кәсіби жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу, соның ішінде педагогикалық жағдаятты шешу.

 

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp