Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналған "Жалпы білім беру пәндері" желтоқсан кафедрасында 4-13 желтоқсан аралығындағы "Тарих-рухани ізгілікке үндейді" атты тарих пәні апаталығының жоспары бойынша ТЖ-11А, ТЖ-11Б, ТЖ-11В топтарымен бірлесе отырып "Тәуелсіздік - тірегім" тақырыбында конференция өткізілді. Конференцияда Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған жылдарынан бастап хронологиялық кесте жасалды, баяндамалар оқылып, Қазақстан, Астана, Желтоқсан жайлы өлең шумақтары айтылды. Тәуелсіздік алған жылға дейінгі тарихымызға слайд, видеороликтер арқылы шолу жасалды.
Мақсаты:
Білім алушылар Қазақстан Республикасының жеткен жетістіктерімен таныстыру. Тәуелсіздік мәнін терең ашып түсіндіру. Қазақ халқының ерлігін, даналығын паш ету, оның ізгі қасиеттерін ардақтап, өнеге тұту. Елге, жерге, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезім ояту. Елжандылыққа, ұлтшылдыққа, адамгершілікке, дінін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
Оралова М.Б.