АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 12 Желтоксан 2018 10:45

Тәуелсіздік-бабалардан қалған аманат

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналған «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасында 4-13 желтоқсан аралығындағы «Тарих- рухани ізгілікке үндейді» атты тарих пәні апталығының жоспары бойынша ӨҚ-11В, ЖББ-11, ТЖ-11А, ТЖ-11Б топтарымен бірлесе отырып «Тәуелсіздік - бабалардан қалған аманат» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Мақсаты:

Білімділігі: білім алушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік туралы терең мағұлмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.

Дамытушылығы: білім алушылардың ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.

Тәрбиелілігі: Жауапкершілік сезімдерін ояту, патриоттық тәрбие беру. Отанды сүюге және ерлікке баулу. Достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Тарих пәнінің оқытушысы: Збайраева К.Ж.