АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 11 Желтоксан 2018 11:01

«Тәуелсіздік тарландары»

11.12.2018 жылы тарих пәнінің оқытушысы Аскарова А.Қ. тарих апталығы аясында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай «Тәуелсіздік тарландары» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. Шараның мақсаты: студенттердің бойына патриоттылық сезім ұялатып, ел тәуелсіздігіне кішкентай болса да үлес қосу. Сайыс келесідей кезеңдерден тұрды:

І. Ой жүгірту (әр топқа 10 сұрақтан қойылды)
ІІ. Көсемдікке ұмтылу. (Отан, достық, туған жер тақырыптарына мақал-мәтел жарыстырады)
ІІІ. Шығармашылық тапсырма.(Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесін І топ: сахналық қойылым ретінде, ІІ топ сурет арқылы, ІІІ топ сөзсіз көрсетіп береді)
ІҮ. Тұлғаны таны (тәуелсіздікке үлес қосқан тұлғалардың сөздері, жасаған істері, олар туралы айтылған пікірлер беріліп, студенттер қай тұлға екенін табады)
Ү . Үй жұмысы (І топ: қазақ хандығының құрылуы, ІІ топ: Ұлы Отан соғысы, ІІІ топ: Желтоқсан оқиғасы туралы сахналық қойылым дайындап келеді)

Студенттер өздерінің білімдері мен бар өнерлерін ортаға салып, аса белсенділік танытып, ұстаздармен қосылып ән де шырқады.

Директордың оқу –әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Аскарова А.К.