АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 11 Желтоксан 2018 05:57

Облыстағы ең үздіктердің бірі!

Ағымдағы жылдың 23-30 қараша аралығында Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары арасында ХVІ облыстық "Кезең" спартакиадасы аясында баскетболдан аймақтық жарыстар болып өтті.

Аталмыш жарысқа облыстың барлық мектептерінен 22 команда қатысты. Жарыстың финалдық бөлімінде сегіз үздік команда, соның ішінде біздің Азаматтық қорғаныс көпсалалы жоғары колледжінің командасы да бақ сынады. Ақтық жарыстар Зеренді ауылында 6-9 желтоқсан аралығында өтті. Жеребе тастау қорытындысы бойынша командалар екі топқа бөлініп, Азаматтық қорғаныс көпсалалы жоғары колледжінің командасы «В» тобына түсті,  онда үш кездесу қатарынан жеңіске жетіп, жарыстың жартылай финалына жолдама алды.               Алайда, жоғары педагогикалық колледждің (Щучинск қ.) баскетболшыларымен жартылай финал фкездесу кезінде, өкінішке орай, біздің команда табандылық танытса да жеңіліс тапты. Үшінші орын үшін ойында Азаматтық қорғаныс көпсалалы жоғары колледжінің командасы  жоғары техникалық колледждің тәжірибелі командасымен кездесті (Щучинск қ.).               

Кездесу соңында біздің командамыз жақсы ойын өрнегін көрсетіп, жеңіске деген құлшынысы үшін жүлделі үшінші орынмен марапатталды. Біз, осы орайда, Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің баскетболшыларын облыстық жарыстарда көрсеткен  жақсы нәтижелерімен құттықтаймыз! Біздің командамызға келешекте спорттық табыстар тілейміз!

Шаменов А.Т.