АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 10 Желтоксан 2018 14:18

Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік!

10 желтоқсан күні ЖББ-21 тобында куратор Рахметова Раушан Зайнулкабиденқызы  «Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік! » тақырыбында  ашық куратор сағатын өткізді.

Ашық сабақ мақсаты Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, білімалушыларға  өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру.  Тәуелсіздік  үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, ерлігі жайында мағлұмат берілді.

Желтоқсан оқиғасы туралы бейне фильмнен үзінді көрсетілді.  Білім алушылар мәнерлеп тақпақтар оқып және ән шырқады. Қазақстанның өркендеуі туралы баяндама оқылды.

Куратор сағаты Отанды сүюге, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеуге, сапалы  білім  алуға,  дұрыс  көзқарас  қалыптастыру, жауапкершілік  сезімдерін  оятуға үлесін қосты.

Рахметова Р.З.