Желтоқсанның 7 –күні екі топта ИН-41С, ИН-32 ашық куратор сағаты өтті. Куратор сағаты дөңгелек үстел түрінде ұйымдастырылды. Сабақта әртүрлі презентациялар, видеороликтар, жаттығулар және тестілеу қолданылды. Студенттер қазіргі жасөспірімдер және ересектердің мәселелерін, зиянды әдеттері туралы ашық талқылап, пікірлерімен алмасты.
Соңында студенттер рефлексия ретінде өз ойларын айтып , стикерлерге жазып бір-біріне жақсы тілектерін айтты. Куратор сағаты білім алушыларға және келген оқытушыларға өте ұнады. Студенттер тағы да осындай куратор сағаттары болсын деген ойларын айтты.
Булатова М.А.