27 қараша күні бірінші жатақханада Раушан Зайнулкабиденовна және Наталья Сергеевна «Күйзеліссіз сессия» және «Қысқы мерзімде сақтандыру шаралары» тақырыбында әңгіме өткізді.
Қысқы сессияға санаулы уақыт қалғанын, ойдағыдай тапсыру үшін уақытты тиімді пайдалану керектігі ескертілді. Білім алушылар өз ойларымен бөлісіп, шағын тренинг өткізілді. Қысқы аяздарда үсіктің алдын алу шараларымен таныстырылды. Түрлі түсті суреттер арқылы мысалдар келтірілді. Алғашқы көмек көрсету мүмкіндіктері атап өтілді. Жалпы қозғалмалы жаттығулар орындалып, суреттер салу арқылы білім алушылар өз білімдерін жетік көрсете білді.
Рахметова Р.З.