АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 27 Қараша 2018 08:49

Дүниежүзілік АИТВ/ ЖИТС пен күрес күніне ашық куратор сағаты

1988 жылдан бастап 1 желтоқсан Дүниежүзілік АИТВ/ ЖИТС пен күрес күні. Дәл осы күні емі жоқ қатерлі дертті жеңе алмаған дәрігерлер мен ғалымдар әлем халқын әлеуметтік төзімділікке шақырған еді. Содан бері 30 жыл  уақыт өтсе де АИТВ/ЖИТС-ті емдеу жолы мен аурудың  пайда болу ошағы әлі нақтыланған жоқ. Аталған ауруды ауыздықтау тек адамның өз қолынан келетін іс болғандықтан ол туралы жастарға білім беру маңызды. АИТВ/ЖИТС туралы неғұрлым көп білсең, соғұрлым жұқтыру қаупі төмендейді. Соған сәйкес ӨҚ- 31А,Б топтарында "АИТВ/ЖИТС бәрі үшін маймылдар кінәлі ме?" тақырыбында ашық куратор сағаты өткізілді. Куратор сағатында негізгі ақпараттарды тиімді меңгеру үшін оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері "Бағдаршам",  "Автобус аялдамасы", "Ұсыныстар кілемшесі" қолданылады. Сабақта студенттер өз ойларын ашық айта білді, өзара пікір алмасты, топпен бірлесе жұмыс жасады, ең бастысы білімдерін арттыра білді.

Куратор: Тойлыбаева У.О.