Ағымдағы жылдың 23-қарашасында, мен, Кенжеболатова С.К., Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің Әуезов 184 мекенжайында орналасқан жатақханада жоспарлы кешекшілігімді атқардым. Кезекшіліктің өзектілігі – өз құқығыңды қорғау, өзгенің құқығына құрметпен қарау. Жатақхана студенттеріне өздерінің құқықтары мен міндеттері жайлы жалпы ақпарат бердім. Құқық тақырыбынан өзге, басқа да тақырыптар талқыланды. Оның негізгісі – жол тәртібі немесе жаяу жүргіншінің жолда жүру ережесі. Қазіргі кезде күн райының құбылмалылығына байланысты жолдар көктайғақ, жел. Сол себепті студенттерге жолда абай болу, тәртіпті бұзбау сынды қағидалар ескертілді.
С.К.Кенжеболатова