26.11.2018 ж. ЖББ-41С тобы білім алушылары қатысуымен «Рухани жаңғыру. Сүйіспеншілік адамның басты қасиеті, ақиқат – оның негізі, дұрыс әрекет – оның шынайы өмірі» тақырыбына куратор Нугманова А.Б. тәрбие сағатын өткізді.
Тәрбие сағатының мақсаты: білім алушыларға рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық – педагогикалық негіздерінің маңыздылығын түсіндіру;
отбасы – тәрбиенің негізі жалпыадамзаттық құндылықтан туындайтынын ұғындыру.
Қорытынды: адамгершілік руханилықпен үздіксіз байланысты және де, өзінің мәңгілік рухани негізінен айырылса, тұрақсыз болады. Тәрбиелеуден рухани негізді алып тастау құмға немқұрайды тұрғызылған үйге ұқсайды. Руханилықтың негізгі сипаттамасы – ақиқатты тануға ұмтылу, шыдамдылық, қайырымдылық, сабырлық, қиянат жасамау және сүйіспеншілік. Осылайша, адамгершіліктің қайнар көзі – руханилық, ал адамгершілік оның сыртқы көрінісі болып табылады. Рухани - адамгершілік - адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямау сияқты жеке қасиеттерін қамтиды. Карл Юнг айтқандай: «Бақыт дегеніміз өз ісімізді жақсы көру».
Нугманова А.Б.