АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 26 Қараша 2018 11:43

Математика бойынша М.В. Ломоносов атындағы республикалық қашықтық пәндік олимпиадасына қатысу

23.11.2018 ж. Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде ЧС-12Ж, ТЖ-11А, ӨҚ-11В, ӨҚ-11Г, ЖББ-11, ТЖ-11В тобы білім алушылары қатысуымен Математика бойынша М.В.Ломоносов атындағы республикалық қашықтық пәндік олимпиадасы өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты мен міндеті: ғылыми әлеует пен бәсекеге қабілеттілікті жетілдіру; таңдап алған мамандығына деген қызығушылықты арттыру; дарынды және талантты білім алушыларды анықтау; танымдық дағдыларға баулу; ақпараттарды өздігінен іздеу және пайдалануға үйрету; кәсіби ойлауы мен белсенділігін дамыту; кәсіби және жалпы құзыреттіліктерді қалыптастыру үшін жағдайлар жасау. Бұл олимпиада колледж білім алушыларының арасында өтеді. Білім алушылар пән оқытушылары Рахметова Р.З., Нурсеитова Р.З., Нугманова А.Б. қатысуымен әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындады. Олимпиада өткізілгеннен кейін қорытынды бір айдан соң www.iqcollege.kz сайтында орналастырылады.

Нугманова А.Б.

 

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp