19-23 қараша күндері аралығында «Жастар салауатты өмір салты» атты ұранымен футзал жарысы өтті. Колледждің 1-4 курс арасында 38 топ өз арасында бақ сынасты. Бұл жарысқа шамамен 350-ге жуық білім алушылар қатысты. Жарыс жоғарғы деңгейде өтті.
Нәтижесінде командалар екі топқа бөлінді. Бұл турнир III айналымның Олимпиадалық жүйесінде өтті. Үшінші турдың соңында 4 команда ақтық ойындарға жолдама алды: ДТ-31, ТЖ-21Б, ФК-42, ФК-32.Жартылай финалдың қорытындысы бойынша ФК-42 және ФК-32 командалары финалға шықты .
3-ші орын үшін ойын қызықты және тартысты өтті , бәсекелестік күресте ДТ-31 командасы жеңіске жетті. Жарыстың шешуші кезеңінде ФК-42 және ФК-32 екі үздік командалары кездеседі. Ойынның соңғы кезеңінде командалар бір-біріне дес бермей жоғарғы деңгейде ойын көрсетті. Командалар бір-бірінің қателіктерін күтті. Ойынның соңында ФК-42 командасы ойын барысында қателік жіберіп ұтылыс тапты.
ФК-32 командасын осы жарыста лайықты жеңісімен құттықтаймыз.
Жарысқа қатысушыларға спорттық жетістік тілейміз!
Патиев Б.М.