АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 20 Қараша 2018 06:12

«Қып-қызыл ақша» комедиялық қойылым

Қараша айында жалпы білім беретін пәндер кафедрасының тәрбиелік жоспарына сәйкес  ЖББ-21, ЖББ-11, МДО-31, ӨҚ-31А, ӨҚ-31Б тобының білім алушылары, топ кураторлары: Рахметова.Р.З,  Нурсейтова.Р.З, Тойлыбаева У.О -мен бірге Ш.Құсайынов атындағы облыстық  қазақ музыкалық драма театрында өткен «Funny Money» атты қойылымның премьерасын  тамашалады. Қойылым комедиялық жанрда болса да, тәрбиелік мағынасы кең, жастарға айтары мол. Қазіргі қоғамдағы нарықтық заманда ақшаның рөлі басым болғанымен қарым-қатынасты бұзатын екінші жағының бары көркем жеткізілген. Білім алушылар қойылым аяқталған соң   ерекше көңіл- күймен  әртістерге қошемет білдірді.

Рахметова Р.З.