2017 жылдың 15 қарашасында «Бастауыш білім беру» мамандығының 1 курс білім алушыларымен куратор С.А.Бейсембаева «Толеранттылық – бұл .. » тақырыбында ашық куратор сағатын өткізді.
Куратор сағаттының мақсаты білім алушыларды «толераттылық» ұғымы тұлғаның адамгершілік қасиетінің қалыптасуы жолында оның пайда болуы,маңызы мен өзектілігі жайлы түсінігімен таныстыру болды.
Білім алушылар топшаларға бөлініп, толерантты және оған қарсы тұлға жайлы өздерінің көзқарастарын білдірді.Сондай-ақ, «Екі жол» тақырыбында сахналанған қойылым қойды,акроөлең ойынын ойнап , толеранттылықтың көп қырлы ұғымы екенін,толерантты болу үшін әрбір жеке тұлға өзімен жеке жұмыс жасау керектігін түсінді.
Бейсембаева С.А.