Көкшетау қаласындағы Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде 2018 жылдың 15 қарашасында тарих пәнінің мұғалімі Аскарова Асель Корганбековна ТЖ 11 А тобымен «Қазақстан монғол шапқыншылығы кезінде» деген тақырыпқа ашық сабақ өткізді.
Сабақ жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жоспарланып өтті. Әдістемелік жағынан сабақ өте сауатты құрастырылған, барлық кезеңдері қарастырылып, мақсатқа жетуге бағытталған. Сабақтың басында психологиялық ахуал қалыптастырылып, студенттедің бар назары сабаққа аударылды. Үй жұмысын сұрау мен топқа бөлу бір-бірімен ұштастырылып, студенттердің қызығушылықтары арттырылды. Сабақта түрлі белсенді әдіс-тәсілдер мен формалар: топтық, жұптық, жеке түрлері белсенді қолданылды. Студенттердің бірлесіп жұмыс жасау, өз ойын ашық жеткізу, бірін-бірі кері байланыс бере отырып бағалау сияқты дағдылары айқын байқалды.
Директордың ОӘ және ҒЖ бойынша орынбасары А.К.Аскарова