Мақсаты: оқушыларға салауатты өмір салтын қалыптастыру және адам ағзасына насыбайдың зияның түсіндіріп, насыбай жайлы ақпараттар беру.
Насыбай – құрамында есірткі бар алқа тұқымдасына жататын темекі өсімдігінен жасалтын, құмарлық үшін ататын (пайдаланылатын) зат. Отарлаушы орыс мемлекетімен, Қытаймен етене араласып, сауда-саттық жасаудың нәтижесінде қазақ даласына темекі келіп, насыбай жасау, оны ату етек жайған. Темекінің құрғатылған жапырағынан мүштікке папирос салып тартудың пайда болуы тәрізді, темекіні ұнтақтап, оған түрлі заттар қосып насыбай дайындауды далада мал бағып, көшіп-қонып жүрген қазақтардың әу- баста өзгелерден үйренгені хақ.
Ұлттық болмысымызға жат насыбай ату әдетінің ел арасында кеңінен тарағаны соншалықты, біздің тілімізде «Адам көңілі бір атым насыбайдан қалады», - деген де мәтел бар. Бұрындары насыбайды қариялар атып, оған елтіп жүретіндіктен, олар жас ер баланың пүшәнәйін де насыбайға теңеп, жақсы көріп кеткенінде жанына шақырып алып, немересінің «насыбайынан» атып қоюды да ғұрыпқа айналдырған. Осылайша, насыбайдың зияндылығы естен шығып, оны негізінен қариялар атқандықтан, елімізде насыбай атуға тиым салынбаған.
Насыбай ату қан қысымын көтеріп, ұйқыны қашыратындықтан, түнде жылқы баққан немесе жолға шыққан атты кісілер, қотан мен ауылды күзеткендер де, көңіл күйін көтергісі келгендер де насыбай атты.
Насыбай ату – темекі тарту, араққа салыну, нашақорлық тәрізді дерт болғандықтан, оған үйренгендер бір мезет насыбай атпаса, басы ауырып, жүрегі соғып, мазасыз күйге түседі. Сөйтіп отырғанында насыбайды атып жіберсе, жаны жадырап, басының ауырғаны тиылып қоя береді. Мұның «бас жазу» тәрізді қылық екенін түсінбейтіндер, насыбайда сондай күш бар деп ойлайды. Сірә, сол себептен де шығар, насыбайқұмар қарттар атып жіберген насыбайының жанын сергітіп, көңілін көтергенін, басының сынып ауырып тұрғанының жазылып кеткенін айтып отырушы еді.
Насыбайды қалай жасайды? Қазақтар насыбайды темекі ұнтағына күл, қалампыр қосып жасаған, ол ащы, күшті иісті зат болған. Насыбайды құмарлық үшін ату – көп адамның жаман әдеті. Жалпы, насыбайды былай әзірлейді: саптыаяққа (үккішке) темекі жапырағын салады, оны әбден ұнтақтайды. Оған арша немесе сексеуіл, қайың, тобылғы, қылша күлін қосады, үстіне су себеді. Бұл насыбайды жасаудың жалпы тәсілі.
Ал, насыбайдың басқа түрін, яғни, бұйра насыбайды былай жасайды: саптыаяққа (үккішке) темекі жапырағын салып, оны ұнтақтаған соң, су сеуіп, сосын бәрін де тесік қалбырдан (елеуіш) өткізеді.
Насыбай неге зиянды?
Насыбайдың денсаулыққа зияны көп.
Жалпы, дәрігер мамандардың айтуынша, насыбайдың адам денсаулығына тигізер зияны өте көп. Біріншіден, насыбай ату темекі тарту, араққа салыну, нашақорлық тәрізді дерт болғандықтан, оған үйренгендер бір мезет насыбай атпаса, басы ауырып, жүрегі соғып, мазасыз күйге түседі. Оның құрамына никотин, синиль қышқылы, көмір қышқылы, сірке қышқылы, азот, эфир майы және өкпе рагіне ұшырататын әртүрлі радиоактивті қоспалар қосылады. Әрі насыбай ату адамның жасын қысқартады. Ауыз қуысы, ас қорыту жүйесі қатерлі ісігіне ұшырайды. Өмір сүруге, еңбек етуге, отбасын асырауға деген ынта-ықыласты азайтады. Тыныс алу жолдары қабынады. Ұдайы насыбай ату ұйқысыздыққа әкеліп соғады. Тамаққа деген тәбетті жойып, адам ағзасы әлсірейді. Сондықтан насыбайдан аулақ болған жөн.
Оның зиянды болатын себебі, құрамында никотин, синиль қышқылы, көмір қышқылы, сірке қышқылы, азот, эфир майы және өкпе рагіне (қатерлі ісік) ұшырататын әртүрлі радиоактивті элементтер (бензпирен, полоний, висмут, т.б.) бар темекіден жасала-тындығы, кейінгі кезде кей жерлерде оған өзге де улы заттардың қосылатындығы.
Соның басты – бастысы: кейбіреулер насыбайға тауықтың саңғырығын, әктің суын, қара аға-штың смоласын қосып әзірлейді. Бұлардың қай-қайсы да өте зиянды. Тіпті, жай ғана тауықтың саңғырығын жеп қойған қойлардың бір сағаттың ішінде өліп қалғандығы жөнінде оқиғалар өмірде болған. Қара ағаштың смоласының зияны да тауықтың саңғырығының уынан кем емес.
Соған қарамастан, кәрі де, жас та насыбайды еріннің астына салып атады. Сол себепті насыбай ататындардың 80 пайызының ауыз қуы-сы, ас қорыту жүйесі ісікке ұшырап ауырады. Әуелі қызық үшін насыбай ататындар кейін оған әбден әуестеніп, үйреніп кетеді де, насыбай атпаса басы ауырып, айналады, тамаққа зауқы соқпайды, сөйтіп, насыбайға тәуелді болып қалады. Қазір насыбай ататын жастар да аз емес. Себебі насыбайдың бір орамының бағасы ап-арзан. Оны бірнеше рет бөліп атып, елтуге қолайлы. Ал оның орнына темекі сатып алып тартайын десе, насыбай сатып алған тиын-тебен темекінің бағасына жетпейді, әрі насыбайды одан кім көрінген сұрай бермейді. Көшеде темекі тартып келе жатса, шылым сұрайтындар көп.
Насыбай ататындардың есіне:
- Насыбай ату адам жасын қысқартады.
• Ауыз қуысы, ас қорыту жүйесі қатерлі ісікке ұшырайды.
• Өмір сүруге, еңбек етуге, отбасын асырауға деген ынта-ықылас азаяды.
• Әйелдер насыбай атса, ішіндегі баланың денсаулығына зияны тиеді.
• Тыныс алу жолдары қабынады.
• Ұйқысыздыққа апарады.
• Адамды ерте қартай-тады.
• Ауызы, үсті, айналасы сасып жүреді.
• Тамаққа деген тәбетті жояды, адам ағзасы әлсірейді.
• Рухани күйзеліске ұшыратады.
Қазір елімізде денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен насыбай сатуды шектеу, оны жасөспірімдерден аластату жөнінде маңызды мәселе көтеріліп, ол Үкіметтің, Парламенттің назарына ұсынылып отыр. Расында да басқа ауыл, аудан, қала түгілі, Отанымыздың жүрегі –Астананың кез-келген жерінде де ең улы зат насыбай өте көп мөлшерде, ашықтан-ашық сатылуда. Оны ересек адамдармен бірге оқушылар да емін-еркін сатып алады. Еліміздің бақытты болашағы – жастарымыздың ден-саулығын улайтын бұл затқа неліктен тиым салынбай отыр? Халықты ойландыратыны осы мәселе.
2.11.18 ұлдардың жатақханасында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің тақырыбы: «Насыбай зияны». Қазіргі таңда үлкен мәселелердің біріне айналған жастар арасында насыбай ату. Сол себепті жасөспірімдерге насыбайдың зияны туралы, оның неден дайындалатынын айтуды жөн көрдім. Студенттерді ашық әңгімеге тарту арқылы олардың бұл заттың ағзаға тигізетін зияны туралы хабардар екенін білдім. Насыбайдың кеңінен қолданыста жүргені де талқыланды, яғни оның қолжетімділігі талқыға салынды. Дөңгелек үстелде балалар бір – бірімен ашық сөйлесіп, сұхбаттасты.