АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 05 Қараша 2018 05:44

Асық атудан XVI облыстық «КЕЗЕҢ» Спартакиадасында колледждер арасында АҚЖКК (ВМКГЗ) 1-ші орынға ие болды!

01.11.2018-04.11.2018ж. аралығында Бозайғыр ауылында Қазақтың ұлттық ойындары «Асық ату», «Бес асық» және «Тоғызқұмалақ» ойындарынан  XVI облысық «КЕЗЕҢ» Спартакиадасы өтті. Спартакиадаға 21  колледжден білім алушылар қатысып, бәсекелі ойын көрсете білді. Бұл жарыс өте тартысты, қызықты әрі жоғары деңгейде өтті.

Асық атудан Сиражиддін Қаныш Артықбайұлы(ТЖ-31Б) және Кәдірхан Елқоныс Серікұлы(ТЖ-41С) қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді.

Жеребие тарту бойынша колледждер  4 топқа бөлінді.  Біздің колледж

3-топта бақтарын сынап асық атудан ұлдар 1-ші болып, бес асықтан қыздар 2-ші номермен топтан шықты. Әр топтан 2 колледж шығу арқылы 1-8 ойыны басталды. Осы сегіздікте 1-ші ойын Стк(Көкшетау) командасымен ойнап жеңісті қанжығамызға байладық. Ширек финал ойынын АТК 5 (Бозайғыр) командасымен өткізіп, ұлдар өжеттілік танытып, ақтық ойынға жолдама алдық.  Ақтық ойында КЭиЛХ(Щучинск) командасы қарсыласымыз болды. Бұл ойында біздің команда өздерінің мықты екенін дәлелдеп, жеңісті қолдан бермей жеңімпаз атанды. Бес асықтан Куспекова Алтыншаш Мухтаровна(ДТ-21) және  Ахметжанова Аружан Асылжановна(ТЖ-31Б)

5-орында тұрақтады. Тоғызқұмалақ ойынына Қажыбаев Данияр Манарбекович(ДТ-31), Зиядденов Адиль Бакытович (ТЖ-31Г) және Турежанова Әсел Махатқызы (ЖББ-11) 5-орынға ие болды.

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледж білім алушылары өздерінің дайындықтарын және өжеттіліктерін, батыл екендерін айқын көрсетті. Келесі жарыстарға тек жеңіс тілейміз!

Дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы: Әдікен Мейірбек Маралбекұлы