2018 жылдың 31 қазанында Көкшетау қаласындағы Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі қабырғасында әлеуметтік грант иегерлері арасында облыстық «Аламан» фестивалі болып өтті. Фестиваллдің мақсаты - жоба аясында білім алушы студенттердің азаматтық позициясын қалыптастыру, белсенділіктерін арттыру, әлеуметтік бастамаларына қолдау жасау.
Фестиваль 5 бөлімнен тұрды:
«Мамандығым-мақтанышым» эссе
«Таңдаған өңірім-болашағым!»презентация (2-5 мин)
«Өнерлінің өрісі кең!» (ән,би және т.б. шығармашылығы)
«Менің әлеуметтік жауапкершілігім!» әлеуметтік жоба
«Ағылшын тілінің мамандығым үшін маңызы?!» пікір-талас
Салтанатты ашылуында Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру бөлімінің басшысы Садвакасов Бекжан Серікұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайысқа Дукумбаева Шолпан Базарқызы бастаған әділқазы алқасы төрағалық етті.
Студенттер сайыс барысында өз өнерлерін көрсетіп, бірі ән шырқаса, енді бірі өзегін жарып шыққан өлең шумақтарын оқып, білім алып жатқан оқу орындары мен өңірлері туралы презентация дайындап, эссе оқыды. Фестиваль нәтижесінде 3 жүлделі орынға Шағалалы ауылындағы жоғары Агротехникалық колледжінің студенті Курбан Сымбат ие болса, Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің студенті Байдалы Пернебек 2 орынды өз қанжығасына байлады, ал 1 жүлделі орынға № 9 Агротехникалықколледж студенті Балтабаев Жасулан ие болып, республикалық сайыста Ақмола облысының намысын қорғайтын болды.
Директордың ОӘ және ҒЖ жөніндегі орынбасары
Аскарова А.К.