АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 24 Қазан 2018 05:17

О спорт, сен өмірсің!

 Қазан айының 24-ші жұлдызында «О спорт, сен өмірсің!»аттты ұранымен Көкшетау қаласының колледж және жоғарғы оқу орны студенттері арасындағы баскетбол турнирінде 8-команда қатысты.Бұл іс-шара мақсаты салауатты өмір салтының мәселелеріне білім алушылардың назарын аудару, денсаулық туралы жастардың білімдерін арттыру шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамыту.Мұндай іс-шара білім алушылардың  денсаулығын нығайтуға септігін тигізеді.Осындай спорттық жарыстар баскетбол ойының одан әрі дамытып жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатымен іс-шараларды жиі өткізу қажет. Қатысқан командаларды атап өтетін болсақ,Серпін(КГУ),Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті,Жоғары колледжі,СТК№1,СРТК,Арна,Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті және Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі.Баскетбол жарысы олимпиадалық жүйе түрінде өтті.

Жарыстың қортындысы бойынша:

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті-І орын

Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті-ІІ орын

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі-ІІІ орын

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің құрама командасына алдағы уақытта спортшыларға алға қойылған мақсаттарыңызға жетуге және жақсы нәтиже көрсетуге тілектеспіз!!!

Перешивкин В.В.