АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 13 Қазан 2018 03:14

«Дені сау ұлт – еліміздің байлығы»

Осындай тақырыпта қазан айының 11-ші жұлдызында Көкшетау қаласындағы жоғары оқу орындары мен колледж жастары арасында  шағын-футбол турнирі болып өтті. Аталмыш спартакиадаға 9 команда қатысты.

  Спорттық шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың денсаулығы нығайту, бұқаралық спорт түріне қоғам назарын аудару болып табылады.  Турнирге  Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің «Серпін» командасы, сондай-ақ, аталмыш университет жанындағы көпсалалы колледжі және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің басты құрама командасы, Біржан сал атындағы музыка колледжі, Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі,көкшетау Қаласының Жоғары колледжі, АТК№3, «Арна» колледжі мен Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің командалары өзара бақ сынасты.

Футзал жарысы олимпиадалық жүйе түрінде өтті. Біздің колледж  спортшылары алғашқы жарыс кезеңінде «Арна» колледжінің футболшыларынмен тартысқа түсіп, ойын нәтижесі бойынша қарсылас команданы  5:0 есебімен ұтты. Осыған орай, АҚЖКК командасы жартылай финалға жолдама алды. АҚЖКК-і құрамасы қарсыласы «Серпін»  командасымен тартыста әдемі ойын өрнегін ортаға салды. Жақсы ойын көрсетіп, жанкүйерлерге қызықты және тартымды ойын сыйлады. Есеп 2:2 есебімен тең түсіп, басты төрешінің шешімі бойынша әрбір құрама командадан 3 ойыншы айыппұл  соққы жасады. Айыппұл есептің қортындысымен ойын 3:2 болып аяқталып АҚЖКК ойыншылары қоржынына ұпай әкелді. Ақтық бәсекеде Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетімен кездесті. Ойынның қорытындысы бойынша есеп 2:1 болып, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің командасының  қанжығасына жүлделі 1 орынды  байланды.  Ал, біздің құрама команда жүлделі ІІ-ші орынға ие болды. Жарыс қорытындысы  бойынша  жеңімпаз командалаға кубоктар табыс етіліп, дипломдармен марапатталды.

Біз бұл жеңісті зор қуанышпен қабылдадық. Жарыста табандылық, жоғарғы спорттық шеберлік пен зор талап пен талпыныс танытқан жас спортшыларға алдағы уақытта жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектеспіз. 

Беслан ПАТИЕВ.