АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 08 Қазан 2018 06:34

«МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ» АТТЫ КУРАТОРЛЫҚ САҒАТ

«МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ» АТТЫ КУРАТОРЛЫҚ САҒАТ

 

8 қазан 2018 ж.Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледж кітапханасында ФК-12С және НО-12С топтарында  кураторлық сағат «Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ:ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» жөнінде өтті.

Президенттің жыл сайын Жолдауы-елдің ең мәнді саяси уақиғаларының бірі болып есептеледі. Біздің стратегиялық мақсатымыз-2050 жылға қарай әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Бірлігіміз мызғымаса, ынтымағымыз ыдырамаса, біз үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес болмайды. Елбасымыз әр жорлдауында халықтың әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс сапасын жақсартуға ерекше мән беріп отырады. Студенттер тобы Жолдауды талқылауға белсенді түрде қатысты.

Қазақстанның бағындыратын биіктері алда. Осы жолда халық сенімі рухымызды жігерлендіріп, бойымызға күш- қайрат дарытады. Сол сенімді ақтаудан артық мұра жоқ!

Кураторлар: Жунусова Н.А.,Касимова М.Д.