02.10.2018ж. АҚЖКК жатақханасында оқытушылар Г.Е.Ибраева мен Б.К.Садуов кезекшілік атқарып, жатақханада тұрып жатқан білім алушыларға «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық және оның алдын алу жолдары» тақырыбында тренинг өткізді.
Тренинг өткізудегі жалпы мақсат: жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, құқықбұзушылық пен қылмыс белгілері, түрлері, білім алушылардың құқық- бұзушылығының алдын алу жұмыстары тәсілдерін талдау, негіздеу болды.
Тренинг барысында топтық дискуссия әдісі қолданылып, білім алушылар проблемалық ситуацияға сараптама жасады. Аталған тақырыпқа байланысты интеллектуалдық тапсырмалар орындап, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, құқықбұзушылықтың түрлері, шығу себептері, олардың алдын алу, болдырмау жолдарын өзара талқылады.
Тренинг қорытындысы бойынша кері байланыс жасалып, білім алушылар тренингтен түйген ойларымен бөлісті.
Г.Е.Ибраева