АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 02 Қазан 2018 06:45

"Тіл- достықтың көпірі" атты тілдер апталығының жабылу салтанаты

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 28-і күні Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесі аясында өткізілген «Тіл – достықтың көпірі» атты Тілдер апталығының жабылу салтанаты өтті.

Салтанатты кеш Н.Ә.Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсеткен үштұғырлы тілді дәріптеу мақсатында өткізіліп, колледж білім алушыларының қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде  мәнерлеп өлеңдер оқуымен жалғасты. Сондай-ақ  Тілдер апталығында өткізілген іс-шараларға белсене қатысып, жүлдегер атанған, нағыз тіл жанашыры бола білген білім алушыларды марапаттау рәсімі болды.

Кеште «Шапағат» би ансамблі биші қыздарының орындауындағы әсем би мен Қазақстан халықтары әндері шебер орындалып, көрермендерге ерекше  мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Ибраева Г.Е.