Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде қыркүйек айынның 21-ші жұлдызында «Денсаулық күні » салтанатты түрде аталып өтті.Бұл күні аталмыш іс-шараға колледждің барлық білім алушылары мен оқытушылары ат салысты. Біздің мақсатымыз білім алушыларды спортқа деген қызығушылықтарын арттыру,салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Спорттық формаларды киген білім алушылар мен топ жетекшілері курстарға бөлініп сап түзеді.Іс-шара бойынша бөлімдер арасында арқан тартыс арқылы күш сынасты.Одан әрі 1000 метр қашықтықта жеңіл атлетикалық жарыстармен аяқталды. Мерекелік шараны жүргізген дене тәрбиесі пәнінің оқытушары.Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті.Адамның денсаулығы-қоғам байлығы.Әрбір білім алушы өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек . Біздің колледжімізде Тулпар спорт клубы арнайы спорттық ойындар ұйымдастыру арқылы жасөспірімдерді денсаулығын сақтау,еңбекке белсенді болу, отансуйгіштікке тәрбиелеу жұмыстарын жүргізуде.
Шаменов А.Т.