АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 27 Қыркүйек 2018 07:34

«Ана тілім-асыл қазынам» атты сабақтан тыс іс-шара

2018 жылдың 25-қыркүйегінде Жоғары көпсалалы азаматтық қорғаныс колледжінде «Тілдер» кафедрасы «Тіл-достықтың көпірі» атты апталық аясында, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қайырбек Мерейлім Төлеутайқызының ұйымдастыруымен «Ана тілім-асыл қазынам» атты сабақтан тыс іс-шара өткізілді. Іс-шараға төтенше жағдайда құтқару тобының 2-курс студенттері қатысып, сайыс түрінде өткізілді. Студенттер ой-ұшқырлығымен, мақал-мәтел,  шешендік сөздермен , логикалық ойлауларын көрсете білді. Ана тілі тақырыбына қатысты плакатқа суреттер салып, өз ойларын ашық жеткізе білді. Сонымен бірге қазақша би биленіп, мәнерлеп өлең оқылып, өз өнерлерін көрсете білды. Бірінші орынды «Арман» тобы, екінші орынды «Мақсат» тобы, үшінші орынға «Тарландар» тобы иеленді. Марапаттау рәсімі 28-қыркүйекте тілдер апталығының жабылу салтанатында марапаттайтын болады.