Білімділік: оқушыларға жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттермен әрбір жақсы істердің шапағаты туралы түсінік беру. Жақсылықты сезіп бағалай білуге үйрету;
Дамытушылық: оқушылардың қоршаған ортаға, айналасындағы адамдарға мейірімді қатынас жасай алу және жақсылықты түсіне білу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: оқушыларды сүйіспеншілікке, сезімталдыққа, сыпайылыққа, қайырымдылыққа, қамқоршы бола білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің Б.Әшімов 284 мекенжайында орналасқан жатақханасында "Жақсылық ағашын отырғызу", "Жүректен жүрекке" атты тренингтер өткізілді. Білім алушылармен треннинг өткізбес бұрын, жатақхананың ішкі өмірімен таныстым. Кезекшілік барысында студенттермен таныстық жұмысы жүргізілді, яғни шеңбер құру арқылы жіптің көмегімен бір-бірімізбен танысып, байланысқан жіптердей мықты достық қарым-қатынастың болуын тіледік. Әрі қарай шаттық шеңберін құру арқылы көңілді орта ұйымдастырдық. Негізгі жүргізілген треннингтің мақсаты- жақсылық жасауға үйрету. Әр адам қоршаған ортаға қаншалықты ізгі қарым-қатынас жасаса, әлемде қаншалықты мейірімділіктің пайда болатынын ұғындыру. Соны тәжірибе жүзінде іске асыру. Ұйымдастырылған треннинг студенттерге ұнады, өз ойларын ашық жеткізді.
С.К. Кенжеболатова