АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 21 Қыркүйек 2018 09:49

«Ғасырларды жалғаған күй атасы - Құрманғазы» атты әдеби-музыкалық кешке қатысуы

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 19-ы күні М.Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазақтың ұлы күйші – композиторы, аспапты музыка өнерінің классигі Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 195 жыл толуына орай «Ғасырларды жалғаған күй атасы - Құрманғазы» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.

Кешке Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің   «Өрт қауіпсіздігі» бөлімінің 21Б тобы, кураторы А.К.Кокишева, «Төтенше жағдайларда қорғау» бөлімінің 21 А тобы, кураторы М.Т.Қайырбек, «Есеп және аудит» бөлімінің 31 тобы, кураторы Г.Е.Ибраева қатысып, күйші бабамыздың қилы кезеңдегі күрескерлік өмірі, болмыс – бітімі биік тұлғасы, күйлерінің тарихы жайлы мағыналы мәлімет алды.

Мәдени іс-шара жасампаз музыка майталманы, күйші бабамыздың  өнерін ұлықтаушы ұрпағының орындауындағы асқақ  рухты күйлеріне ұласып, көрермендерге ерекше әсер қалдырды.

Ибраева Г.Е.