Жоғары көпсалалы азаматтық қорғаныс колледждің жатақханасында «Өз қорқынышыңды басқар» атты тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты – Студенттерге қорқыныш сезімі туралы мағлұмат бере отырып, түрлі жаттығулар арқылы бойындағы қорқыныш сезімін жоюға, өзара қарым-қатынастарын нығайтуға ықпал ету үшін. Алғашқы кезекшілігім болған соң, Студенттермен жақынырақ танысу үшін, «танысу » жаттығуы өткізілді. Жаттығу барысында әр Студент өз есімдерін айта отырып, оған бір қасиетін қоса айтып, есімге лайық анықтама береді. «Қорқынышыңды суретте» атты жаттығуда әр Студент қызықты бірақ қорқыныш туғызған жағдайларын баяндап береді. Арасында сергіту сәтіне ӨҚ-11 тобының Студенті Амангелді Бердібек гитарасымен түрлі әндер айтып, студенттер қоса шырқап, қызықты болды. Өз ойларын ашық айтуға, қорқыныш сезімдерін жеңуге, көпшіліктің алдында қысылмай сөйлеу жайлы түсіндіріп , талқыланды. Тренинг студенттерге ұнады, және қызығушылықпен орындап, өз ойларын ашық жеткізді.
Қайырбек. М.Т.