Жоғарғы көпсалалы азаматтық қорғаныс колледжінің жылдық жоспарына сай 7 қыркүйек күні аталмыш колледждің жатақханасында студенттермен «Мен өмірді сүйемін» тренингі өткізілді.
Тренингтің мақсаты студенттердің өмірге деген көзқарастарын анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін, өмірге деген құштарлығы қандай деңгейде екендігін байқау.
Тренинг «Күннің көзі кімге түседі» ойынымен қызықты басталды. «Мен және өмір» жаттығуын орындау арқылы қыздар өздерінің өмірге келгендеріне бақытты екендерін жеткізді. Тренинг барысында «Өмір» деген сөзге ассоциация жасай отырып, әр әріпті жеке-жеке талдады. Екі бақа аңызы әңгімеленіп, талқыланды. Студенттер «Би терапиясы» жаттығуына белсенді қатысты. Тренинг соңында бақытты өмірді сүрудің қарапайым ережелері түсіндіріліп, студенттер күнделікті өмірде осы ережелері басшылыққа алатындарын айтты. Тренинг барысында қақтығыстары мен қиындықтары көп осынау өмірде адамдар бір – біріне және өздеріне мейіріммен қарап, ізгі ниетпен жақсылық жасай білу керектігі айтылып, сол қиындықтарды жеңу жолдарын іздеп, алға қойған мақсаттарына жете білулері әркімнің өзіне байланысты екендігін ұғынды.
Каженова С.Л.