Алғашқы кезекшілігімді Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледж студенттерінің жатақханасындағы алғашқы өмірін байқау болды. Менің мақсатым балалармен жақынырақ танысып,өзара арақатынасын дұрыстап,жағдайларын сұрап,ойларын сергіту болды. Жатақханада тұрып жатқан біршама студенттерді жинап, »Жеке адам және өзін-өзі тәрбиелеу» атты тренинг өткіздім.Тренингмнің мақсаты: Жеке адам,адам бойындағы жағымды,жағымсыз қасиеттер туралы мағлұматтар беру. Тренинг барысында студенттер өз бойларындағы жағымсыз қасиеттерді атап,қағаз бетіне түсіреді.Жазған қағазды жағымсыз қасиеттерден арыламыз деп, жыртып тастау арқылы арылуды үйреттім. Ал, екінші ойынымыз оқушылардың өз бойындағы құнды қасиеттерін айтып беру арқылы,арақатынастарын жақсартуға септік тигіздім деп ойлаймын. Келесі ойынымыз «комплимент» ойынында, студенттер шеңбер бойымен тұрып кезекпен жағымды қасиеттерін айтып,белсенділік танытты. Ойындарымыз өте қызықты өтіп,тағы да осындай ойындар өткізіп тұруымызды өтінді. Әр студенттің мінез-құлқымен танысып,кешіміз өте қызықты өтті деп айта аламын. Ең бастысы мен өз мақсатыма жеттім.
Тулегенова А.Б.